БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші комитетіндегі жаңа технологиялар туралы жастар мәлімдемесі
Келісуге арналған жоба. Мақұлданбайынша сайтта көрсетілмейді.
2025 жылғы 17 қазанда Ердәулет Рахматулла (Qazaq Nuclear Frontline Coalition, QNFC) мен Ана Палада (United Network of Young Peacebuilders, UNOY) Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының қарусыздану және халықаралық қауіпсіздік жөніндегі Бірінші комитетінде сөз сөйледі. Олар жастар және серіктес азаматтық қоғам ұйымдары атынан БҰҰ-ның Youth4Disarmament жастар форумының алғашқы мәлімдемесін оқыды. Мәлімдемені 45-тен астам адам мен ұйым қолдады.
Мәлімдемеде бес ұсыныс айтылды:
- Youth4Disarmament форумының ұсынымдарын орындау: жастардың қатысуын институционалдық деңгейде бекіту, білім беру мен әлеуетті дамытуға инвестиция салу, саяси және техникалық қауымдастықтарды байланыстыру;
- жаңа технологияларды ашық, инклюзивті және есеп беретін түрде реттеу;
- жасанды интеллектіні ядролық қаруда қолдануды тоқтату және ЖИ-ді реттеуді этикаға, қоршаған ортаны қорғауға және адам құқықтарына негіздеу;
- жаңа технологиялар мен ядролық қарусыздану жөніндегі үкіметаралық жұмыста жастардың көшбасшылығына кепілдік беру;
- БҰҰ-ның ЖИ және адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы лауазымын құру.
Отырыстың жазбасы UN Web TV сайтында қолжетімді.
Бірінші комитет, 10-пленарлық отырыс, Бас Ассамблеяның 80-сессиясы
UN Web TVТүпнұсқа дереккөз
Statement on Emerging Technologies UNODA